0 комментариев

Ескекаяқтылар қай жерде тіршілік етеді ? Олардың сыртқы пішіні қандай ? Олар неше топқа бөлінеді осы сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Суда ұзақ уақыт жүзуге бейімделген ірі сүтқоректілер. Бұл отрядқа тюленьдердің бірнеше түрлері жатады (теңіз мысығы, морж, құлақты итбалық т.б.). Олар тіршілігінің көбін сулы орталықта өткізеді, сондықтан оған өте жақсы икемделген жануарлар. Жағаға немесе мұздың үстіне олар көбею кезінде ғана шығады. Аяқтары  жүретін жануарлардікіндей емес, өзгеріп қалақаша тәрізді болып кеткен, ал саусақтарын тері қаптап жатады. Сондықтан аяқ жақсы жүзу мүмкіншілігін туғызады. Терінің астында қалың май қабаты болады, ол ескекаяқтыларды суықтан сақтайды. Құлақ қалқаны болмайды, ол сыртқы ортаның жағдайына икемделгендігінің белігісі. Құлақ тесіктері мен танау тесіктері суға түскенде ерекше тері жарғақпен жабылып қалады. Тюленьдер бұрын өткен уақытта құрғақ жерде тіршілік етсе де, қазір су ішінде мекендейтін нағыз сүтқоректілердің өкілі.

Олардың төрт камералы жүрегі бар, денесінің температурасы жоғарғы жылы қанды жануарлар. Бұлардың өкпелері жақсы жетілген, атмосфералық ауамен тыныс алады. Тыныс алу үшін әрбір 10 минут сайын, судың бетіне шығып тұрады, Тюленьдер теңізде үлкен көлдерде мекендеп балықтармен қоректенеді. Ескекаяқтылар бірнеше тұқымдастарға бөлінді. Олар: 1) құлақты тюленьдер тұқымдасы — оның өкілі теңіз мысығы; 2) Нағыз итбалықтар тұқымдасы — оның өкілі теңіз қояны; 3) морждар тұқымдасы – оның өкілі морждар. Ескекаяқтылар отрядының өкілдері терісі мен майы, еті үшін ауланатын кәсіптік маңызы зор жануарлар.

Қазақстанда оның бір-ақ түрі каспий итбалығы ғана кездеседі. Дене тұрқы 160 см, салмағы 50-85 кт тарғыл түсті аң. Оның майы мен белогы медицинада және парфюмерияда қолданылса, сүйегі мен еті құрама жем дайындауға кетеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий