0 комментариев

Киттәрізді жануарлардың неше түрі бар ? Олардың сыртқы және ішкі құрылысы қандай ? Оның шаруашылықта қандай пайдасы бар осы сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Киттәрізділердің денесі ірі, барлық өмірін суда өткізеді. Осыған байланысты құрлықта, тіршілік ететін сүтқоректілерден көп айырмашылығы бар. Дене пішіні балық тәрізді басы үлкен мойыны білінбейді. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Денесінде түгі болмайды, терісінде тер және май бездері болмайды. Бір жұп сүт безі болады. Ең үлкен киттердің тері астындағы майының қалыңдығы 50 см-дей. Үлкен киттердің (көк кит) жүрегі бір тоннадай, сүйектерінің салмағы да сондай. Бауырдың салмағы 3 тонна, ал өкпесінде 14000 литр ауа сияды. Өкпеден басқа ауа кіретін қапшалары да бар. Киттәрізділердің көпшілігі су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды. Кашалоттар 300 м терендікте сүңги алады. Киттердің есту мүшелері жақсы жетілген. Олар дыбыстарды 10-12 шақырым жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу мүшелері жойылған.

Көк киттің ұзындығы 33 м, ал салмағы 100 тоннадан асады, яғни 25 пілдің немесе 120 өгіздің салмағындай. Былайша айтқанда көк кит қазіргі жер бетіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең үлкені. Көк кит тіссіз киттерге жатады немесе оларды мұртты киттер деп атайды. Киттің таңдайынан төмен салбырап, ұш жағы тарамдалып тұратын толып жатқан мүйізді пластинкаларын кит мұрттары деп атайды. Былпылдаған уақ жануарлар араласқан суды ауызына толтырып алады да, кит оны пластинка елегінен өткізеді, ал сүзіліп қалған жәндіктерді жұлып жібереді. Көк киттің аранды — аузына қаруланған 18 солдат сыйып тұра алады. Ал киттің қарнына барып түскен ұсақ жәндіктердің салмағы бір тоннаға жуық болады. Киттер екі-үш жасында жетіліп бір-ақ бала табады. Дельфиндер жыл сайын балалайды, ұрғашысы судың бетіне құйрығын көтеріп, баласын жоғары 7-8 метрге лақтырады. Баласы жоғарыдан суға түскенде ауамен тыныс алып үлгіреді. Жаңа туған киттің салмағы 2 тоннадан артығырақ болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты.

Киттің сүтінің майлылығы сиырдың сүтімен салыстырғанда, 10-12 есе артық (40-50 проценттей). Ал баласы күніне 200-300 л сүт ішіп тез өседі. Киттердің сүтінің 23-38 % май болады.

Киттәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді. 1-отряд тармағы – тісті киттер, 2-отряд тармағы тіссіз немесе мұртты киттер. Киттердің, ішінде тісті жыртқыш киттерге кашалоттар және дельфиндер жатады. Дельфин ұзындығы 1,5-3 м жететін кішкентай киттер. Тістері өте көп (240 жуық). Олар Қара теңізде, Азов және Баренц теңіздерінде кездеседі. Балықтармен және басқа жәндіктермен қоректенеді.

Киттәрізділердің шаруашылықта пайдасы көп. Етінен консерві, ал сүйегінен үй малына беретін ұнға айналдырады. Китті сойғанда алған майдың пайдасы өте зор. Тіпті қарынның ішіндегі әртүрлі заттарды жиып алып жерді тыңайтуға болады. Киттерді Қиыр Шығыста және Арктикадан аулайды. Оларды кеменің үстіне орнатылған зеңбірекпен атады да өлтірген жануарларды кеменің үстіне әкеліп сояды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий