0 комментариев

Қолқанаттылардың сыртқы пішіні қандай ? Оларға қандай жануарлар жатады ? Осы сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Қолқанаттылар немесе жыртқыштар отрядына жататын жануарлардың алдыңғы аяғының ұзын саусақтарын арасында және денесінің екі бүйірінде құйрығына шейін керілген тері жарғағы болады. Ұштары болғандықтан жарқанаттылардың кейбір белгісі құстардікіндей. Мысалы, көкірек клеткасы және кейбір бұлшық еттері құстардікіндей жақсы жетілмеген. Төс сүйегінде құстардікі сияқты биік жалқыры болады. Жарқанаттар іңірде және түнде ұшып жүріп насекомдармен қоректенеді. Олардың көзі нашар көреді, бірақ дыбыс мүшесі мен сезім мүшесі жақсы жетілген. Олар ұшып бара жатқан насекомдарды дыбыс мүшесінің көмегімен ұстайды. Жарқанаттар кәдімгі дыбыстан басқа адамға естілмейтін ультра дыбыстар деп аталатын дыбыстарды шығарып және оны қайта қабылдайтындығы дәлелденді. Жарқанат ұшқан кезде шығарған ультра дыбыс толқындары кедергіге кездесіп, ол кедергіден шағылысады да, жарқанаттың есту мүшесіне сезіледі. Сөйтіп дыбыс арқылы кедергіні білгенмен кейін ол кедергіге ешуақытта да соқтықпайды. Ол ұшып бара жатқан насекомдарды да осылай сезіп біледі. Қосқанаттылардың көбі кішкентай жануарлар мыс: жарқанат қолқанаттылар.

Бұлардың өздеріне тән ерекшелігі жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағында орналасқан, нашар жетілген тағы да бір жұп күрек тісі болады. Онша үлкен емес (жабайы қояндар, үй қояндары), бойы аласа (шиқылдауықтар – пищухи) ұсақ аңдар жатады. Оларға тән ерекшеліктер құлақтары үлкен, артқы аяқтары ұзын және құйрықтары қысқа болады. Өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Өсімтал жануарлар, қояндар мен үй қояндары дүние жүзінде кең таралған. Олар Оңтүстік Америка мен Мадагаскар жерінде жоқ, ал Австралияға арнайы алып келіп жіберілген.

Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі: құм қояны, ақ қоян және орқоян. Құмқоян Қызылорда, ІІІымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының құмды төбелерінде кездеседі. Құмқояны өсімтал, әр туғанда 1-9-ға дейін көжек туады. Акқоян Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау т.б. Республикамыздың солтүстік облыстарында кездеседі. Орқоян Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарының құмды, Жайық өзенінің жайылымында, тоғайдың арасында, ашық далалы жерлерді мекендейді.

Қазіргі үй қоянының отаны Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Австралияға тараған.

Жабайы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымдары осыдан 2 000 жыл бұрын, оңтүстің европалық тағы үй қояндарынан шыққан. Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі.

Үй қояны мен жабайы қояндардың еті, терісі және жүні әркімге белгілі. Сол үшін қолда өсіреді, аңшылық кәсіп ұйымдастырады. Ал олар шамадан тыс көбейіп кетсе, үй малдары жейтін пайдалы өсімдіктерді жеп зияны тигізеді. Сонымен қатар әртүрлі жұқпалы аурулар таратуы да ықтимал.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий