0 комментариев

Көртышқандар қай жерде тіршілік етеді ? Олардың пішіні қандай ? Орман шаруашығына тигізген пайдасы бар ма ? Осы сұрақтардың жауабын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ол тіршілігін жер қазып, жер астында өткізеді. Сондықтан осындай тіршілік жағдайына қарай өте жақсы икемделген. Атап айтқанда, оның алдыңғы аяқтары жер қазуға икемделіп төмен қарай иілген және екі жағына қарай қайырылған. Жер қазуға бейім өткір тырнақтары да бар. Жер қазу әрекетіне сәйкес аяқтарының сүйектері де имиіп, қазу мүмкіншілігін арттырады. Ал саусақтары болса бір-бірімен тері жарғақпен қосылған. Сөйтіп, тіршілік орталығының әсерінен көртышқанның алдыңғы аяқтары жалпақ қалақша немесе күрекше сияқты болады. Дене құрылысының осындай болуы көртышқанның эволюциялық тарихи дамуына байланысты. Көртышқанның мойны жеке бейнеленбей қысқарып басымен денесі қосылып кеткен. Ал денесінің алдыңғы жағы сүйір конус пішіндес болады.

Мұндай дене пішіні жер астында тар індерде жүргенді жеңілдетеді. Көртышқан алдына қарай және кейін шегініп те жақсы жүре алады. Оған жүні кедергі жасамайды, өйткені оның жүні қысқа және өте жұмсақ алға және артқа қарай да жығылады. Көртышқанның қатты қабықты насекомдарды жейтін үшкір жіңішке шошақ тістері болады. Оның азу тіс пен алдыңғы тістерінің бір-бірімен айырмасы аз. Көртышқан жер астында көрінбей жатады. Бірақ иіс сезімі жақсы жетілген. Тұмсықтың үстінде сезім мұртшалары да бар. Көртышқан жер астында ұя жасап, көктемде 13-5 кішкене қызылшақа соқыр бала туады. Олар бір айдай сүтпен қоректеніп жетіледі. Көртышқаңдар жер қазып, топырақ арасында кездесетін құрттар мен насекомдарды жеп қоректенеді.

Көртышқанның пайдасы да, зияны да бар. Олар насекомдарды және олардың личинкаларын жеп ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді. Көртышқанның терісінен бас киім және тон тігіледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий