0 комментариев

Жабық тұқымдылардың классификациясы туралы мәліметті  kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Жабық тұқымдылардың классификациясы – жабық тұқымдылар қос жарнақты және дара жарнақты  кластарына бөлінеді. бұл кластардың бір – бірінен ажырататын көрнекті белгілерін келтіреміз.

Қос жарнақтылар. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамырларының формасы көп жағдайда кіндік тамыр. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш шоқтары ашық көлденең кесіндісінде шеңбердің бойымен орналасады, немесе барлығында бірдей өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жәй және күрделі жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

Дара жарнақтылар. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз. Тамыр системасы шашақ тамыр. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады. Жапырақтары жай, параллель немесе дара тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады. Жабық тұқымдылар. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Вегетатив органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады. Арнайы маманданған вегетативтік органдары бар түйнектері, баданалары, тамыр сабақтары. Тұқым бүрін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий