0 комментариев

Стробилярлық теория дегеніміз не ? Оны ашқан ғалымдар ? Сыртқы пішіні қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Стробилярлық теория – (стробиляр – қарағай, шыршаның бүршіктері – шишкалары), немесе эванттық (грекшесі – толық anthons -гүл) басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағына. Бұл гүлдің пайда болуы туралы гипотезаның авторлары Н. Арбер және Д. Паркине теориясының пайда болуын 1907 жылы мезозойлық  гүлдер стробилдері бар ашық тұқымдылардың ерекше бір тобының бенетиттердің табылуы себеп болады.

Сырт кескіні мен, тік бұтақталмаған діндерімен, жапырақтарымен бенетиттер пальмаға, көбірек ашық тұқымды саговниктерге ұқсас болған. Бірақ саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін бенетиттердің стробилдерінің жақсы жетілгені конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары “гүлсерігі” микроспрофильдері және аналығы (гинецей) орналасады.

Микроспорангилері бірігіп біршама күрделірек құрылым микроспаринги түзеді. Аналығы (гинецей) тек микроспорофильдері түсіп қалған (протерандрия) стробильдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқшаның ұшында орналасады және интегументері болады. Екі тұқым жарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады.

Эндоспермдерінің болмауы ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Бинетиттердің кейбір ерекшеліктері стробилдерінің қос жынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орналасу ерекшелігі өсінің формасы, олардың көп жемістері мен жынысының жақындығы болған деген жорамал айтуға мәжбүр етті.

Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне бенетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезозойдың алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробилді К. Арбер және Д. Пазкине проангостробил деп атаған. Ол өстен жабынды микроспрофилдерден және мегаспрофилдерден тұрған. Прантостробил жабық тұқымдылардың гүліне барлық бөліктерінің құрылысы мен әсіресе микро және мегаспрофилдермен біршама айырмашылығы болған.

Көп ғасырлар бойындағы жабық тұқымдылардың классификациясының тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Утилитарлық систематиканың кезеңі. Классификацияның ең ескі кезеңі бұл кезеңдерде белгілі өсімдіктерді олардың шаруашылығындағы маңызына қарай топтастырған: тамаққа пайдаланатын улы, дәрілік тоқымалық бұл ең ұзақ кезең болған.

Жасанды системаның кезеңі. Бұл кезеңдегі классификацияның басты принципі ұсақ өсімдіктер негізінен бірғана морфологиялық белгілеріне қарай бөлу. Кезеңнің ең жоғарғы жетістігі ботаникамен зоологияны белгілі – бір жүйеге келтірген реформатор К. Линнейдің системасы. К. Линней бар – жоғы 24 класқа бөлген. Автор бұл жерде гүлдегі аталықтардың санын, олардың бірігуін, ұзындығын негізге алған. Соңғы класқа гүлдері жоқ өсімдіктерді жатқызған. Бұл құпия некелілер класы. К. Линнейдің системасының басты кемшілігі әрбір класқа түрлерді топтастырғанда, олардың тек бір ғана белгісін негізге алған. Бір класқа жататын түрлер әдетте нағыз туыстың жақындығымен топтастырылмаған. Гүлдердің құрылысының бір кездейсоқ сәйкестіктер аталықтарының саны шешуші роль атқарады. К. Линнейдің ситемасы жасанды системалар ішінде прогрессивті болғанымен ол өсімдіктер дүниесінің эволюциясын көрсетпейді. Табиғи системаның кезеңі алғашқы табиғи системаны 1789 жылы А. Жюссье жариялаған. Ол өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген жиынтығы белгілерін ескере отырып топтастырған. Ол өсімдіктердің бірнеше органдарының белгілерін топтастырған. Органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі. Ч. Дарвиннің “түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен соң қалыптасты. Бұл еңбегінде Ч. Дарвин әртүрлі материалдар негізінде эволюцияның өзін және оны қорғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Т. Дарвиннің эволюциялық бағытта дамуына ескі әдет –ғұрыптармен және метафизикалық кезеңнің қалдықтарымен күресуде маңызы зор.

Филогенетикалық системаның кезеңі Ч. Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталады. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі осы маңызды мәселелер зерттелді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрылды. Филогенетикалық системаны құрастыруда Б.О.Р. ғылымдарының орны ерекше. Н. И. Кузнецов, Б. М. Козополянский, Н.А. Буш, А.А. Гроссгейм, А.Д. Тахтаджанның системалары жиі қолданылады. Қорыта айтқанда жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий