0 комментариев

Оңтүстік Африка елдері туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суарықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиді. Оның құрамына Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.

Жерінің көпшілігін Оңтүстік Африка таулы үстірті алып жатыр.

Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысынан қарай биіктеп, кап және Айдаһар тауларына ұласады. Ал отрталық бөлігі аласарып, Калахари шөлі алып жатыр. Аймақтың Атлант мұхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігін саванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.

Аймақтағы жетекші ел Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Бірақ оның шаруашылық құрылымында дамыған елдің де, дамушы елдің де белгілері бар. Африка халқының 6 – пайызы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында құрықтағы өнеркәсіп өнімінің 40- пайызы өндіріледі.

Оңтүстік Африка Республикасында алуан түрлі табиғат байлықтары мол. Әсіресе пайдалы қазбалардың        ( алтын, алмас, платина, уран, темір, хром, мыс, тас көмір, марганец) ірі кен орындары бар. Осы байлықтар негізінде тау- кен, машина жасау және химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзендер гидроэнергетикалық қорға бай. Елдегі ең құнарлы жерлер еуропалық жер иеленушілердің қолында шоғырланған. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникасы мен тыңайтқыштарды пайдалана отырып, жүгері, бидай, темекі, бұршақ, қант қамысы, мақта, цитрустар, зәйтүн ағашы, ананас, манго, жүзім мен жеміс ағаштарынан мол өнім алады. Таулы аудандарда ангор ешкісі мен биязы жүнді қой өсіріледі. Тоқыма өнеркәсібі ешкі түбіті мен қой жүнін пайдаланып, жұмы істейді.

Халқының басым бөлігін жергілікті банту халықтары құрайды, сонымен қатар еуропалықтардың да үлесі жоғары. Оңтүстік Африка Республикасының ұзақ уақыт бойы нәсілдік кемсітушілік белең алып, жергілікті халық табиғаты қолайсыз, оқшау жерлерге ығыстырылды. Бұл қысым тек 1991 жылғы халық көтерілісі нәтижесінде ғана тоқтатылды. 1994 жылы болған сайлауда өкімет басына жергілікті халық өкілдері келді.

Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде Африканың көптеген жануарлары сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде құрлықтағы жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий