0 комментариев

Батыс Еуропа елдерінің құрамына қандай елдер кіреді ? Олардың жер бедері ? Халқының саны қанша ? Осы және басқа да қызықты сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Батыс Еуропа елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы елдер Кабо- Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея- Бисау, Гвинея, Сьерра- Леоне, Либерия, Кот-д- Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия, және ішкерірек орналасқан Буркина- Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.

Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы үстіртті болып келеді. Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант қамысы, арахис плантациялары бірте- бірте ормандарды ығыстыруда. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз транспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы Нигер, Сенегал, Вальта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар. Батыс Африка қойнауынан табылған пайдалы қазбалар өнеркәсіп салаларын дамытуға жол ашуда. Нигерияның Гвинея шығанағы жағалауынан мұнай мен газдың дүниежүзілік маңызы бар аса мол қоры табылған. Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өтерін кен орындары орналасқан, Гана мен Либерияда алтын, Нигерде уран кездеседі

Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған. Олардың сақталып қалған сәулетті сарайлары, қола және ағаш мүсіндері, қыштан жасалған әсемдік және тұрмыстық бұйымдары, тасқа салған бейнелері жергілікті халықтардың бай тарихи мұралары болып табылады.

Халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел болып саналады Нигерия осы аймақта орналасқан. Нигерияда халық саны 125 млн-жанасады. Ал халқы 250-ден аса ұлт өкілдерінен тұрады. Халықтың 1/3-і қалаларда, қалған бөлігі ауылдық жерде қоныстанған. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел, соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқынды дамуда. Климат жағдайлары қолайлы болғандықтан ауыл шаруашылық дақылдарынан жылына бірнеше рет өнім жиналады. Алынған өнімнің басым көпшілігі ірі порттар арқылы басқа елдерге жөнелтіледі. Халықтың басым көпшілігі қолөнер мен шұғылданады, әсіресе мата, себет тоқу, былғары өндеу, ағаш бұйымдары мен қыш құмыралар жасау кең таралған. Нигерия шеберлері өңдеген қызыл сафиян деп аталатын өте жүмсақ, жүқа былғары дүние жүзіне әйгілі. Нигерия мұнай қалайыны көп өндіріп, басқа елдерге сату арқылы шаруашылығын өркендетіп, халқының әл-ауқатын жақсарту. Нигерияның бұрынғы астанасы –Лагоста экологиялық жағдай нашарлап, халық санының шамадан тыс артуына байланысты астана 1991 жылы елдің орталық бөлігінде арнайы салынған Абуджа қаласына көшірілген. Нигерияда ірі қалалар көп, олар негізінен жағалауға жақын орналасқан.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий