0 комментариев

Шығыс Африка елдерінің құрамына қандай елдер кіреді ? Олардың табиғаты қандай ? Халқының саны ?

Шығыс Африка қандай жерде орналасқан ? Осы сұрақтардың жауабын  kyn.kz оқи аласыз.

Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамында Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави Кіреді. Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз деңгейінен ен төмен және ең биік жатақ нүктелері орналасқан (оларды физикалық картадан табыңдар).

Аймақ жеріне Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес келеді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып тұрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс Африка таулы үстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыратытүгелге жуық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емес, жарықтар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын толтырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл кемерінен асып, жан-жағына жжайылады. Ыстық лава әсерінен бұл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30 С-тан төмен болмайды.

Шығыс Африка таулы үстірті жарықтарда орналасқан көл қазан-шұңқырларымен (қандай?) тілімденген.Шығыс Африка жарықтары бойында таралған магмалық жыныстардың құрамына сирек кездесетін (кобальт, вольфрам, хром, титан) және бағалы (алтын, платина), түсті (мыс, мырыш) металдардың, алмастың мол қоры бар.

Екі жарты шардың тропиктері арасындағы орнына сәйкес Шығыс Африкада саванналар басым таралған. Таулы бөліктерінде саванналар 2400 м биіктікке дейін көтеріліп, біртіндеп биіктік белдерге аусады. Аймақтың ең биік тауларының басында қар жатады. Шығыс Африка тауларынан материктің ең ірі өзені-Ніл бастау алады.

Эфиопия таулары қыраты кофенің бидай мен тарының отаны болып саналады. Кофе атау осындағы Каффа деген жердің атымен байланысты шыққан. Шығыс Африка елдерінде өсірілетін «арабика» кофесі дүние жүзіне танымал. Ал Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын-шашының жеткілікті болуы астық дақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Шөптесін өсімдіктер басым болатын саванналарда мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Әсіресе ірі қара мал көп өсіріледі. Суданда қой шаруашылғы дамыған. Өзен-көлдер бойында халық балық аулаумен және балық оңдеу шаруашылғымен айналысады.

Шығыс Африка халқы әркелкі орналасқан. Климаты шаруашылыққа қолайлы. Эфиопия таулары қыраты мен көлдер маңында халық тығызрақ орналасса, климаты ыстық, әрі құрғақ болатын Судан жері мен Сомал түбегінде халық сирегірек қоныстанған. Шығыс Африканың солтүтігінде араб тілі, оңтүстігінде банту тілдері басым.

Шығыс Африка жеріне табиғаттың қайталанбас әсем көріністері тән. Жергілікті халық ежелден-ақ табиғатқа құрметпен қарап, ондағы табиғи тепе-тендікті сақтауға тырысқан. Қазіргі кезде табиғатты қорғау шаралары мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Кения жерінің 15 –нан астамын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Шығыс Африканың өте жануарлар дүниесін қорғау мақсатында ұйымдастырылған Серегенти, Нгоронгоро, Найроби, Тсаво ұлттық парктерін жылына мыңдаған туристер аралап, тамашалайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий