0 комментариев

Архозаврлар дегеніміз кімдер ? Олардың неше түрі бар ? Қәзір қай түріне тоқталып, архозаврлар туралы ақпарат береміз осының бәрін kyn.kz сайтынан оқып біле аласыздар.

Дүние жүзінде бауырымен жорғалаушылардың ғылымға 6600 түрі белгілі: алашқы кесірткелер — 1, тасбақалар — 230, крокодилдер – 22, кесірткелер – 3900, жыландар – 2500. Саны жағынан омыртқалылардың ішінде құстардан кейінгі екінші орында бауырымен жорғалаушылар.

Класс тармағы алғашкы кесірткелер 

Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және қараша  айларында көбейеді.

Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий