0 комментариев

Тасбақалар қандай классқа жатады ? Олардың сыртқы пішіндері қандай? Қазақстанда оның неше түрі бар ?Осы сұрақтардың жауабын kyn.kz  сайтынан оқып біле аласыздар.

Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.

Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (среднеазиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасыңда жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері – піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.

Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түріне қарағанда зор кесірткені еске түсіреді. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесі мүйіз қабыршақnармен емес, сүйектеніп кеткен калқандармен қапталған. Жүрек қарыншалары толығымен екіге бөлінген, демек крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады, тістері сұт қоректілердің тістері сияқты, алъвеолта орналасқан (жыландар мен кесірткелерде тіс ұялары болмайды). Крокодилдер тамаша жүзгіштер. Олардың артқы аяқтарында жүзу жарғағы болады. Крокодилдер – балықпен қоректенеді, жағада құстарға және аңдарға шабуыл жасайтын жыртқыштар, Олардың кейбіреуі адамға да қауіпті. Крокодилдердің терісі ірі бұйымдар — чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлі бұйымдар жасауда пайдаланылады. Қазіргі уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кітабына” тіркелген.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий