0 комментариев

Қабыршақтылар қандай классқа жатады ? Қабыршақтылардың неше түрі бар ? Олардың сыртқы пішіні қандай ? Олар қандай жерлерде мекен етеді? Осы сұрақтардың жауабын kyn.kz оқып біле аласыздар.

Қабыршақтылар архозаврлар  классына жатады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдір өзара бірігіп кеткен. Кесірткелердің аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгілер: дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Олардың биоценоздағы ролі зор.

Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар (веретеница). Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрадына геккондар, агамалар, ешкіемерлер (кесел), нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әралуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі (қесел т.б.) ірі жануарларға шабуыл шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.

Табиғатта кесірткелер ауыл шаруашылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Улы кесірткенің бір ғана түрі белгілі – Солтүстік Американың оңтүстігінде тіршілік ететін улы тістілер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) — Оңтүстік Қазақстан жерінде 6 түрі тіршілік етеді. Шу өзенінің алқабы, Оңтүстік Балқаш маңында онша бекімеген құмдарды мекендейді. Күндіз құмға еніп тығылып жатады да, түнде тіршілік етеді.

Агамалар (Agamidae) — Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде 8 түрі тіршілік етеді. Каспийден Алакөлге дейінгі аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерінде тіршілік етеді. Осылардың өкілі Улы тістілер адамға қауіпті.

Кеселдер (Varanidae) – ұзындығы 4 м (Қазақстанда кездесетіндері – 1,5 м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенінің оң жақ жиегінің құмдарында бір түрі тіршілік етеді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ол өте сирек кездеседі, сондықтан оны Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркеген. Кездессе тимей, қорғап жүріңдер.

Нағыз кесірткелер (Lacertidae). Қазақстанда олардың 11 түрі тіршілік етеді. Қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кететін осы туыстықта кездеседі. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде, орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек қана тірі туатын кесірткелер көлеңкелі, орманды, дысқыл мүктермен жабынған топырақта тіршілік етеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий