0 комментариев

Жыландар отряды қай классқа жатады ? Олардың неше түрі бар ? Сыртқы пішіндері қандай ? Қай жерлерде мекендейді ? Осы сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жыландар отряды  архозаврлар классына жатады. Өзіңдік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашылығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Қабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.

Жақ сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрізді сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбіреулері ғана насекомдармен қоректенеді. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар, соның Қазақстан территориясына 17 түрі тіршілік етеді. Солардың үшеуі ғана улы жыландар. Оларға кәдімгі сұржылан (обыкновенная гадюка), – дала суржыланы (степная гадюка), бозша жылан (щитомордник) жатады. У жұптанған екі у безінен бөлінеді. Безден бөлінген улар бұлшық еттер жиырылған кезде тіс қуысы арқылы ағып, сыртқа шығады да, тіс кірген жерге құйылады. Сөйтіп адамды немесе жануарды өзінің уымен жарақаттайды. Қазақстанда жиі кездесетін улы жыланның бірі кәдімгі сұр жылан. Ол Республиканың Солтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында орманды және дала аймағында тіршілік етеді. Батпақты, көл және өзен бойларын мекендейді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ұрғашы сұр жылан 8-12 бала туады. Қорегі — кеміргіштер, кесірткелер, қосмекенділер, насекомдар. Денесінің ұзындығы 60-90 см. Дала сұржыланы — Қазақстанның барлық жерінде таралған, тек шөлді аймақтарда (Үстіртте, Қызылқұмда, Бетпақдалада, Мойынқұмда жоқ) кездеспейді. Олар әртүрлі жерлерді мекендейді, оның ішінде кел мен өзен жағаларын және бетпақты жерлерді, жусан, ши араларын мекендейді. Жазда іңір қараңғысында, түнде, ал қалған жыл маусымдарында күндіз тіршіл0ік етеді, ұрғашысы 1-6-ға дейін бала туады. Ұзындығы 40-57 см. Қорегі насекомдар мен ұсақ омыртқалы жануарлар. Мал шаруашылығына зияны бар. Бозша жылан немесе қалқантұмсық ордалы жылан қатарына жатады. Қазақстанда кең таралған түрі. Оның Солтүстік шекарасы Батыс Қазақстаннан Шығысқа дейін созылып жатыр, ал Оңтүстікте кез келген жерден көруге болады. Ол топырақты, ұсақ тасты, бұталы өсімдіктер өсетін шөгіндінің және екпе шөптердің арасында тіршілік етеді. Бозша жылан көбіне түнде тіршілік етеді. Күндіз тастың астында, басқа қуыстарға кіріп жасырынын жатады. Ұрғашысы 2-12 дейін бала туады. Қорегі кеміргіштер, кесірткелер, насекомдар. Мал шаруашылығына аздап зияны бар. Қазақстанда улы жыландардан басқа усыз жыландар да кездеседі. Оларға оқ жылан (стрела-змея), жолақ қара шұбар жыланның (полоз) 8 түрі, су жыланның (уж) 2 түрі, құм жыланның (удавчик) 2 түрі, соқыр жылан (червеобразная слепозмейка) жатады.

Орта Азия жерінде улы жыландардың қатарында қара жылан (порза), және кобра бар. Осы улы жыландардың улары адамдардан гөрі үй малдарына қатты әсерін тигізеді. Бірақ олардың зиянынан гөрі пайдасы басым болып келеді. Мысалы, жыландар ауыл шаруашылық егістерінің зиянкестері кеміргіштер және басқа да зиянды жәндіктермен қоректену арқылы пайда келтіреді. Жыланның уы әртүрлі ауруға ем үшін пайдаланылатын дәрілік заттар алудың қайнар көзі. Удың қажеттігі жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан улы жыландарды арнаулы питомниктерде (серпентарияларда) өсіруде. Питомниктер – Термезде, Кушкада, Ташкентте, Бішкекте бар. Қазақстанда келешекте Алматы маңында жылан өсіретін питомниктер құру көзделіп отыр.

Изменён статус на опубликованный
Добавить комментарий