0 комментариев

Австралия Одағы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Австралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Австралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21млн адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.

Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден астам тайпалардан құралған. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.

Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Австралиялық ағылшындар қалыптасты.

Австралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау-кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Австралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде

1-ші орында. Елдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қамысы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий