0 комментариев

Австралияның гидрологиясы туралы мәліметті kyn.kz  сайтынан оқып біле аласыз.

Австралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары – криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Австралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді.

Үнді мұхиты алабына Австралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады.

Австралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий