0 комментариев

Австралияның геологиялық құрылысы және кен байлықтары туралы мәліметті  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Құрлықтың іргетасын, негізінен, Австралия платформасы мен Шығыс Австралия геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды.

Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Австралия платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұрады. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт.-батысында кездеседі.

Протерозой шөгінділері Батыс Австралияның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңт.-батысында көп ұшырасады. Платформаның солт.-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солт. жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстік-тен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.

Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен батысындағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газы  мол құрлыктың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий