0 комментариев

Австралияның жер бедері туралы мәліметті kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.

Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.

Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.

Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий