0 комментариев

Австралияның ауа райы туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым.

Сондықтан Австралияның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақты (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде – тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C).

Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Австралия Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды.

Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий