0 комментариев

“Шыңырау” күйінің авторы кім? Күйдің шығу тарихы қандай? Бұл күйге қатысты қай ғалымдар өз пікірін білдірген ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сондай шығарманың бірі – Ықыластың «Шыңырауы» атты күйі. Бірінші болып күйді біздің дәуірге естірткен дарынды күйші Д. Мықтыбаев (1905-1976) болды. Деректерде 1958 жылы Б. Г. Ерзакович магнитофон лентасына жазып алған екен, ал 1959 жылы З. Жанұзақова нота бетіне түсірген.

Бұл күй    эпикалық, мазмұнды шығармаға жатады. Шыңырау кұс  туралы әңгіме өте көнеден келе жатқан ертегілерінің бірі. Оны халық арасында неше түрлі нұсқада айтады, мысалы оның мазмұны қазақтың «Ер – Төстік» ертегінде, шумер халқының Гильгамеш туралы эпосында кездеседі. Онда Шыңырау өте алып қара құс болып суреттеледі. Екінші бір нұсқасы шығыс Түркістанда өмір сүрген атақты күйші – домбырашы Қожеке Назарұлының «Нұрғазарын» атты күйінің тарихында да келтірілген. Аңыздардың көпшілігінің мазмұны біріне-бірі ұқсас болып келеді. «Мифологиялық тұрғыдан құс пен оның балапандары – аспан немесе жоғары әлеммен, жылан (айдахар) – төменгі, жер астындағы дүниемен үйлеседі. Оқиғаның орны – биік бәйтеректің өзі – үш әлемді біріктіріп, сонымен қатар, олардың арасында байланыс орнатады. Әңгіменің мазмұнында әлсіздік пен жауыздықтың, жақсылық пен зұлымдылықтың айқасы баяндалады» – деп жазады өнертену ғылымының докторы С. Күзембай.

Д. Мықтыбаевтың орындауындағы «Шыңырау» күйінің тарихына арқау болған тақырып – бұл алып құстың өз балапандарын айдаhар жыланнан қорғап, шырылдап зарлауы. Туындыда үлкен философиялық маңыз жатыр.

Бұл аңызда қазақ батыры алыс жолдан келе жатып бір алып бәйтеректің түбіне келіп аялдайды. Күннің ыстығынан, ағаштың көлеңкесінде тынығып отырады. Бір кезде шырылдаған аянышты, шуылдаған дыбыстардан оянып кетеді де, әлгі ағаш үстінде мазасызданып ұшқан құсты, ағаш бұтағында оның балапандарының ұясын көреді. Балапандары да шырылдап, шулап жатыр екен. Бұларға не болды деп қараса, бір алып айдахар – жылан ағашты өрмелеп ұядағы балапандарды жеуге жылжып бара жатыр екен. Оны көрген батыр қылышын суырып алып, жыланды шауып өлтіреді. Ажалдан құтқарғаны үшін Шыңырау құс жайланып, адамға ризашылығы месерлене түседі. Берілген аңызда, адам дер мезгілде Шыңырау құсқа көмекке келгенін көрсетеді. Өйткені құс, осы жерде – өмірдің өзін білдіреді. Бұл күйдің негізгі мақсаты – жаманшылықты жақсылық жеңеді деген философиялық ойда тұжырымдалған.

Қобыз өнерінің ерекшіліктерін іздестіру мен көне музыкалық мәдениетінің мән – маңызын ашу ісіне музыкатанушы Г. Омарова өзінің үлесін қосты. Нәтижесінде музыкатанушы осы шығарма туралы былай деп тұжырымдайды: – «В программе почти всех кюев Ықыласа можно уловить философский подтекст. Смысл которого: всякая борьба есть движение к идеальному равновесию в мире. Гармоническому соотношению сил как в природе, так и в человеческом обществе»

Бұл тұста музыкатанушы Г. Омарова қобыз музыка өнеріндегі ноталық жазбаларына тоқтала келіп, өзінің жаңа концепциясын ұсынады және оның келешек ұрпақтың дәріс алуына, орындаушылық өнерге игі ықпал ететіндігін дәлелдейді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий