0 комментариев

Ас содасы туралы әлеуметтік желіде көптеген ақпараттар бар. Әр түрлі кеңестерге сеніп, оны мөлшерден тыс пайдаланса адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін. Ас содасының сіздер естімеген  пайдалы жағын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқып таныса аласыз.

Біздің ас содасы деп атап жүрген ұнтағымыздың ғылыми атауы – бикарбонат (гидрокарбонат) натрийі. Оның пайдасы:

  • Жәндіктер шағып алғанда көмектеседі;
  • Тісжегінің дамуын бәсеңдетеді;
  • Бүйрек аурулары кезінде пайдалы. Бірақ оны қалай қолдану керек екенін дәрігерден сұрау керек;
  • Асқазан қыжылын басады;
  • Қайызғақты жояды;
  • Құрғақ сусабын ретінде қолдануға болады.

Ас содасының “ғажайып” құрал екенін адамдар бұрынғы заманнан бері біледі. Ежелгі египеттіктер оны параллельді әлеммен байланыстырады деп сеніп, шайнап жүретін болған. Ал 13 ғасырда өмір сүрген алхимик ғалым Альберт Великий оны жастық эликсирінің маңызды элементі деп санаған.

Бұның бәрі соданың химиялық қасиеттеріне байланысты. Оны суға араластырса, көпіршіктер пайда болатынын бәріміз білеміз.

Осы жерде ескерту: барлық тағамдар құрамындағы қышқылдың деңгейіне (pH-фактор) байланысты адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, қышқылы жоғары тағамдар мен сусындар (pH<7) ағзаны ісіндіріп жібереді. Ал қышқылы аздар (pH>7), керісінше, ісікті басып, ағзаның жай-күйін жақсартады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий