0 комментариев

Ғаламторда керек ақпаратыңды қарап іздестіріп отырсаң, ең алдымен көзге түсетін ” Ас содасының көмегімен қалай арықтауға болады ?” деген, жарнамадан көзің талады. Осы  ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады. Оны толығымен  kyn.kz сайтан оқып таныса аласыз.

Бұл сауалға біржақты жауап алу қиын. Жалпы, бикарбонат натрийін арықтататын құрал ретінде пайдалану химиктердің оның ағзаға түскендегі “әрекетін” зерттеуінен шықты. Олар соданың натрий мен көмірқышқыл газға айналатынын анықтады. Көмірқышқыл газ болса, липолиз (майды ыдырату) процессін тездетеді.

Бірақ бұның барлығы – теория!

Тәжірибе сода коктейльдерінің артық салмақтан арылуға ешқандай көмегі жоқ екенін көрсетеді. Себебі оның артық майға әсері өте аз.

Ас содасының зиянды жақтары да бар. Әдетте, оны асқазандағы қыжылды басу үшін қолданады. Дегенмен, жиі іше берсе, гастрит пен асқазан жарасын тудыруы мүмкін. Сол себепті тек керек кезде ғана (мысалы, асқазан қыжылын басу үшін) бір рет қолдануға болады, бірақ күнделікті әдетке айналдырмаған жөн. Оған қарағанда содамен ванна қабылдау пайдалырақ. Ол үшін жарты стақан ас содасын жылы сумен араластырып, сонда 15-30 минут жату керек. Ғалымдардың пікірінше , оның бірнеше пайдасы бар:

  1. Шаршағанды басады;
  2. Қан айналымын тездетеді;
  3. Экзема, псориаздың пайда болу қаупін төмендетеді;
  4. Қынаптағы pH-факторын қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Сонымен бірге, бұндай ваннадан кейін салмағыңыз жарты, бір килограммға төмендегенін байқауыңыз мүмкін. Бірақ бұл – уақытша әсер ғана. Салмақтың түсуі ағзадағы сұйықтықтың азаюына байланысты: сода адамды терлетеді. Су ішкен соң салмақ қайтып келеді.

Ескерте кетейік: теріде ашық жаралар болса, бұндай ваннаны қабылдамаған жөн.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий