0 комментариев

Фитоценоз дегеніміз не ? Ол грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? Фитоценоз туралы ғалымдардың пікірі қандай ? Фитоценоздың негізгі белгілері ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz  сайтынан оқып біле аласыз.

Орман, шөл батпақ егіс даласы парк – мұндай өсімдіктер қауымы немесе фитоценоз (грек phyton – өсімдік, коіnos – жалпы) деп аталады. Олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады.

Ағашты кесіп алған жерлерде орманды қалпына келтіру, құрғатылған шабындықтағы шөптердің құрамының өзгеруі, егіс даласындағы арам шөптермен күресудің нәтижелі тәсілдерін табу, отырғызылған ағаш, шөптесін өсімдіктердің өнімділіктерін арттыру жұмыстары өсімдіктер қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология (фитоценоз – loqos – ілім) зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім. Өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. Сондықтан

А.П. Шенников (1964) “Геоботаника” және “Фитоценология” терминдерін синонимдер деп қарайды.

В.Н.Сукачев (1935) фитоценозды бір – бірімен және ортамен әрекеттесетін өсімдіктер жиынтығы деп түсіндіреді. Сукачевтың түсінігі бойынша фитоценоздардың негізгі белгілері:

1). Өсімдіктердің бір – бірімен әрекеттесуі

2). Өсімдіктермен орта арасындағы әрекеттесудің болуы

Б. А. Быков (1978) фитоценозға мынадай анықтама берді. Фитоценоз –бұл өздері жасаған ортаның жағдайында тұрақты өзін – өзі жөнге салатын организмдердің бірлесіп өмір сүру формасы. “Қысқаша организмдердің тұрақты бірлесіп өмір сүру формасы”.

Б.М. Миркиннің (1986) түсінігі бойынша фитоценоз – ортаның жағдайына қатынасы ұқсастығына байланысты автотрофты өсімдіктердің популяциясының жиынтығы.

Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы деген біркелкі учаскедегі белгілі – бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым – қатынасы бар өсімдіктер тобы.

Фитоценоз ашық биологиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз зооценоз және микробиоценозбен бірге биоценоз құрады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий