0 комментариев

Биоценоз дегеніміз не ? Ол қандай мағынаны білдіреді ? Биоценоз туралы түсінікті ғылымға әкелген қай ғалым ? Олар неше топқа бөлінеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқып біле аласыздар.

Биоценоз – (грек – био – өмір, койнос – жалпы) деген тіршілік жағдайлары азды – көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер микроорганизмдер бірлестігі “Биоценоз” термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К.Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды (Федоров, Остроумова, 1984).

Биоценоз абиотикалық немесе сыртқы ортадағы бейорганикалық компоненттермен (жер бедері, температура, ылғалдық, топырақ) бірге биогеоценоз құрады.

Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді – экотоп деп атайды.

Биогеоценоз – (грек био – өмір, гео –жер, ценоз – жалпы) деген зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе. Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н.Сукачев (1940). Биогеоценоз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоп климатопқа (аэротоп) және эдафотопқа (жердің қабығы жағдай) бөлінеді. Биогеоценоздың шекарасы фитоценоздың шекарасымен анықталады. Биоценозда организмдердің арасындағы әрекеттестік өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің деңгейінде емес, особь немесе түрлер популяциясы деңгейінде болады.

Биоценоздар қоректену тәсіліне қарай автотрофты және гетеротрофты топтардан тұрады. Соңғы жылдары (Тахтаджян 1973) организмдерді төрт (прокариоттар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар). 1969 беске (прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар) дүниеге – патшалыққа бөледі. Осы уақытқа дейін бұл мәселе жөнінде биологтар арасында арасында ортақ пікір жоқ. Сондықтан биоценоздар компоненті болған организмдерді функциональды ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі группаға автотрофты, гетеротрофты деп бөлген.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий