0 комментариев

Экосистема дегеніміз не? Ол грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ? Экосистема терминін алғаш енгізген кім ? Экосистема неше топқа бөлінеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Экосистема – (грек – Оікоs –үй, орын, система – жүйе). Тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде экосистемамен биогеоценоз бір – біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір – біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум, немесе космос кораблі және өте үлкен (мыс каспий теңізі) объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А. Генсли (1935).

Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады :

  1. Бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды (жасанды экспериментальдық экосистемалар).
  2. Жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды (мыс космос караблі, станциялары).
  3. Ашық экосистемалар – қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толығымен бітпеген. Б.А.Быковтың (1988) пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады. Соның үішін экосистемалар классификациясы – өсімдіктер классификациясы негізге алып жасау керек.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий