0 комментариев

Басты пияз шыққан жері ? Оның басқа пияздардан айырмашылығы қандай ? Оның сыртқы пішіні қандай ?Оны қалай егіп, көбейтуге болады ? Басты пияздардың пайдасы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz  сайтынан оқып таныса аласыз.

Басты пияз –шыққан жері Орта Азия мен Ауғанстан. Ол суыққа төзімді. Пияздың басқа бірқатар түрлерінде жабық жапырақшаларына қарағанда ашық жапырақшаларының саны басым келеді. Жапырақтары іші қуыс, тікелей жуашықтан таралады. Екінші жылы гүлді сағақтары көтеріліп, 1,5 м дейін жетеді де шар тәрізді жай шатырланып бітеді, жас кезінде қап кигендей болып көрінеді. Кейде шоқ гүлдерде гүлден басқа ұсақ үлпілдек жуашықтар өседі. Мәуесі – құрғақ үш қырлы, үш ұялы қауашақ. Дәндері екі-екіден ұяда орналасқан, пияздың барлық басқа түрлері сияқты, хитин қабығымен қапталған, сондықтан суда өте баяу бөртеді.

Тұқым арқылы өсіргенде, суды нашар өткізетіндіктен оны себер алдында суға салып жібітеді, мұның өзі пияздың көктеуін 3-4 тәулікке тездетеді. Себілгеннен кейін 2-3 аптада көктей бастайды. Оңтүстік аудандарда бір жылдық дақыл кең тараған. Тұқымды топыраққа себеді не 50-60 тәулікте көшет өсіреді, сөйтіп сол жылы-ақ ірі жуашықтар алады.

Көк жапырақты пияз алу үшін оны көктемде және жазда ашық топыраққа, ал қыста және ерте көктемде – парниктер мен жылыжайларда  өсіреді. Пиязды ерте көктемде отырғызады. Сондай-ақ аяз түскенше жуашықтың тамыр жүйесі 10-15 см өсіп, ал жапырақтары өспеуі үшін, пиязды қыркүйекте-қазан айында қысқа қарай отырғызады. Өнімді тез алу үшін ерте көктемде пиязды полимер пленкасымен бүркейді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий