0 комментариев

Порей пиязы қай жерден шыққан ? Оның сыртқа пішіні қандай ? Басқа пияздардан айырмашылығы қандай? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқып таныса аласыз.

Порей  пиязы шыққан жері Жерорта теңізі, екі жылдық циклмен өніп-өседі. Жуашығы сәл ісінгендеу. Жапырақтары жайпақ, ұзынша, ұзындығы 60 см-дей. Жуан жалған-сабақ (аяқ) түзейді. Екінші жылы ірі шоқ гүлді қуатты сабақ пайда болады. Порейді құнарлы тыңайтылған топырақта өсіреді.

Қазақстанда аудандастырылған сорттардың ішінде Болгарский сортының сабағы жуан, ұзындығы 60-70 см, диаметрі 5-7 см, дәмі нәзік, тәтті; Карантанскийдің жапырақтары желпеуіш тәріздес, қысқа, мықты сабағы бар, қысқы суыққа өте төзімді келеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий