0 комментариев

Шнитт пиязы аты да ерекше пияздың түрі. Оның  басқа пияздардан дәмінің ерекшелігі қандай? Осы сұрақтардың және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Шнитт пиязы. Көкті ең ерте береді, өзінің дәмімен де көзге түседі. Бұл көп жылдық дақыл, қысқа төзімді. Мұны дәмі онша ащы емес жіне анағұрлым нәзік көк пияз алу үшін өсіріледі. Шнитт-пияздың жуашығы ұсақ, сопақша, көптеген құрғақ жапырақшалармен бүркелген. Вегетациялық кезең бойына жуашықта вегетативтік бүршіктердің қалыптасу процестері жүріп жатады, сондықтан пияздың бұл түрі әсіресе көп тармақтануы мен ерекшеленген. өсімдік үш-төрт жылдығында 100 тармақ шығады, сөйтіп ол тығыз мықты бұта түзейді. Бір бұта да жас та, кәрі де тармақтар болады, сөйтіп екінші жылдың өзінде-ақ жуашықтың жартысы сабақшалар түзейді. Ал екінші, әсіресе үшінші жылдан бастап, сабақшалардың саны мықтап көбейеді, мұның өзі пиязды жапырақтары 20 см-ге жетісімен-ақ қырқуды қажет етеді. Қырыққанда, жапырақтармен қатар өсе бастаған сабақшалардың жартысын кеседі; олар өте ұсақ (биіктігі 30-32 см), биязы, аса сөлді және де өнімнің сапасы кемімейді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий