0 комментариев

Аты ерекше батун пиязының шыққан жері қандай ? Оның басқа пияздардан айырмашылығы неде ? Оның сыртқы пішіні қандай? Осы сұрақтардың және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz

Батун-пиязы басты пиязға тұқымдас, соның жақын түрі, оны кейде суыққа төзімділігіне қарай-қысқы пияз деп те атайды. Шыққан жері – Қытай. Шатол-пиязға қарағанда батун-пияздың жуашығы білінер-білінбес цилиндр формалы, ол түтік тәрізді жапырақтары бар жалған сабаққа ауысады. өсімдік бірінші жылы бұтақтанып, көптеген түйнек жуашықтар түзейді.

Екінші жылы гүлді сабақ береді. Тұқыммен, бұтаны бөлумен өндіріп өсіреді. Әр түрлі топырақта өсе береді. Бірақ бір жерде екі жылдан артық өспейді. Батун-пияздың тыныштық кезеңі онша ұзақ емес 1,5-2 ай), ал желтоқсанда жылыжайда көшіріп отырғызуға болады. Көк пияз өсіру үшін үш жылдық өсімдікті пайдалану керек, өйткені жаппай сабақтанатын болғандықтан одан әрі өсіру тиімсіз.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий