0 комментариев

Қабатты пияз қай жерде өседі ? Басқа пияздардан айырмашылығы неде ? Олардың пішіні мен құрылымы қандай ? Осы сұрақтардың және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайттынан оқи аласыз.

Қабатты пияз – жабайы күйінде Алтайда өседі. Суыққа өте төзімділігінен солтүстік аудандар үшін үлкен маңызы бар. Қабатты пияздың жапырақтары түтік тәрізді, батун-пиязға қарағанда аса биязы. Жер астындағы жуашығы батунға қарағанда ірірек келеді және басты пияздікі сияқты құрғақ жапырақшалары бар, бірақ құрғақ солғын сағақ түземейді. Қабатты пияздың негізгі ерекшелігі – гүлді сабақтарының құрылымында: сабақтың ұшында гүлдер мен дәндерінің орнына 2-4 қабатты ауалық жуашықтар (түйнекшелер) құралады, ірілеу бірінші қабатта болады. Кейде гүлдің шанақтары түйнекшелер арқылы өркендейді, бірақ кейіннен ашылмай, солып қалады.

Тамыры түкті: жер астындағы жуашығының немесе түйнекшенің алғашқы жылдың аяғында 40-50 жіңішке тамырлары болады. Мұның тамыр жүйесі басты пиязға қарағанда күштірек өркендейді. 3-4 жылда ұзындығы 1,5 м жетеді, ал көлденеңі 70 см дейін созылады, айта кету керек, тығыз топырақта жоғары қабатқа жақын өседі, ал жеңіл топырақта – аса тереңдеп кетеді. Күзгі-қысқы кезеңде тамыр жүйесі толық солмайды, тек 50% солады, сондықтан жердің тоңы жібісімен-ақ пияз көктеп өсе бастайды. Жоғарыда атп өткендей, бұл суыққа төзімділігімен де бағалы, көк күйінде 70С дейінгі шамалы аяза, ал қардың астында – 500С аязға шыдайды, сірә, бұл тамыр жуашығында құрғақ заттардың, әсіресе сахарозалардың көп болуынан шығар. Қабатты пиязды бір жылдық және көп жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Бұл өте пайдалы, өйткені ауалық жуашықтар өте нашар сақталады – тек төмен температурада (00С шамасы) сақтап, қыс түсісімен қарға көміп тастайды. Ауалық жуашықтарды қысқа қарайда отырғызуға болады, тек ол тамыр жайып, ал жуашықтары өспеуі керек.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий