0 комментариев

Слизун пиязы қай жерлерде өседі? Олардың құрамы қандай ? Басқа пияздардан ерекшелігі неде ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Слизун пиязы аязға төзімді түрі, сондықтан солтүстік аудандар үшін өте бағалы. Жапырақтары етті, шырынды, жуан. Жуашығы өте қысқа, түбі нашар дамыған көгентамыр болып саналады, онда айнала жуашықтар орналасқан. Тамыр жүйесі 15-20 жіңішке тамырлардан тұрады, олар 60 см тереңдікке кететін қуатты тамыр түгін құрайды.

Ерте көктемде (сәуір айының ортасында) өсе бастайды. Бүкіл вегетациялық кезең бойына бұтақтайды, екінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, солардың ішінен өткен жылғылары гүлді сабақ шығарады. Слизуннің жеке бұтақтары жеңіл тамырланады да дербес өмір сүре бастайды. Көктемде пленка астында жақсы көктеп шығады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий