0 комментариев

Жұпар пиязы қай жерледе шығады ? Оның құрамы қандай ? Басқа пияздардан несімен ерекшеленеді ?Жұпар пиязынан адам ағзасына керекті қандай дәруменді алуға болады ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқи аласыздар.

Жұпар пияз – Азия еледрінде көбірек белгілі, шырынды, биязы (сызықтық) жапырақтары бар. Бұл көп жылдық, қысқа төзімді (-5-60С аязға төзеді) дақыл. Жуашығы цилиндр тәрізді, ол жалған сабақтың жалғасы сияқты. Түпте шырынды ақ жапырақшалар тығыз орналасқан, олардың арасында вегетация процесінде үздіксіз өсіп отыратын вегетативтік бүршіктер дамиды, жұпар-пияз сондықтан кешеуіл күзге дейін бұтақ жаяды. әрбір бұтағында 5-6 жапырақтан болады.

Бірінші жылы 3-4 бұтақ өркендейді, екінші жылы 12, үшінші жылы 18-20 бұтақ өседі. Екінші жылы пайда болған жаңа бұтақтар сабақтанады. Гүл шоғыры (шатыры) борпас келеді. Жапырақтарын вегетациялық кезең бойына, олардың сапасы қыркүйек айында жақсы болса екі ретке дейін қырқуға болады (бұл тамыздың орта шеніне келеді). Жұпар-пияз пленка астында жақсы өседі, неғұрлым сапалы өнімді 10-12 тәулік ерте береді.

Пияздың ең көп тараған ауруы – жалған ақұнтақ (пероноспороз). Ауру маусым айында жапырақтарда, одан кейін сабақшаларда сәл ақшыл-сұрғылт бозамық пайда болудан басталады. 2-4 тәуліктен кейін зақымданған жерлер сарғаяды, одан соң, қарақошқыл-көк басып, екінші рет зақымдануы нәтижесінде қараяды. Мұндай жапырақтар тағамға жарамайды. Сабақтардың зақымдануы дән мен ауалық жуашықтардың түсімен кемітеді, өйткені зақымдану алдында сабақшалардың дәндері жақсы қалыптасады да, қоректік заттар дәндер мен жуашықшаларға ағып кетеді.

Пияздың зиянкестері – жуа шыбыны, жуа (тамыр) кенесі басты пиязды, батун-пиязды, қабатты және шнитт-пиязды зақымдайды, ал жұпар-пияз бұлардан зақымдалмайды. Жуа шыбындары мамырдың орта шенініде ұшып келеді де жаз бойына 3-4 қайталайды, ең қауіпті кезең – мамыр, маусым, өйткені вегетацияланушы пияз оларды қатты еліктіреді. Шыбын өзінің жұмыртқасын ең алдымен басты пияздың учаскесіне салады, 5-6 тәуліктен кейін личинкалар жуашықты кеміріп, түп жағына орналасады. Зақымдалған өсімдік солады да 2-3 апта ішінде қурап қалады. Ұсақ, ақшыл жуа кенесі түпте және құрғақ жапырақшаларда өседі.

Пияздың көгі витамин ретінде жыл бойына, әсіресе көктемде, жетіспейтін витаминдердің орнын басатын басқа көкөністердің жоқ немесе аз кезінде өте қажет.

Батун-пиязды бір жылдық дақыл ретінде бұқтырма егіспен өсіріп, шілдеден бастап қатты суық түскенше (қазанның аяғына дейін) пайдалануға болады. Шнитт пиязының көгін өте қысқа мерзімде – мамырдың ортасынан маусымның ортасына дейін ғана пайдаланады. Қабатты пияздың да көгін осы мерзім ішінде пайдалануға болады.

Пияздың жапырақтарын тұздап және кептіріп ұзақ сақтауға болады. Жапырақтарын тұздау үшін: сәбізбен қосып турап (100 г сәбізге 1 кг пияз қосады), оған 4-5 % тұз ерітндісін құяды да 0+50 сақтайды, түсі, дәмі бұзылмайды, мұны балық және ет тағамдарына қосуға, тұздық ретінде пайдалануға болады. Шнитт-пияздан басқа барлық пияздардың көктерін ақжелкен мен аскөктің жапырақтарымен, тамыр жемістерімен қосып кептіреді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий