0 комментариев

Сарымсақтың адам ағзасына қандай пайдасы бар ? Оның құрамы қандай ? Сарымсақты қанша уақыт сақтауға болады? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сарымсақ – тағамдық және шипалық бағалылығы жағынан пияздан кейінгі екінші өсімдік. Сарымсақ дақыл ретінде 6000 жылджан астам уақыттан бері белгілі. Көне Египетте оны күш береді, ержүрек етеді деп есептеп, тұмар етіп таққан. Бұл өсімдік перғауын Тутанхамонның атақты мазарынан табылған және көне шумерлер рационының негізгі элементінің бірі болған. Көне Египетте, көне гректер мен римдіктер сарымсақты эпидемия (тырысқақ, оба) аурулары кезінде кең қолданған.

Химиялық құрамы жағынан сарымсақ басты пияздан анағұрлым бай, онда көміртегі , азоттық заттар, минералдық тұздар, витаминдер көп. Оның үстіне сарымсақ фитонцидтерінің анағұрлым күшті бактерицидтік әсері бар. Сарымсақтың өткір иісі оның бойындағы амин қышқылы “аллининге” байланысты. Сарымсақтың иісін кетіру үшін жас ақжелкенді шайнау керек. Термикалық өңдеуден кейін (ыстық суға қайнату) немесе сорпа пісірген және асты бұқтырған кезде сарымсақтың өзіндік иісі жойылады. Айта кету керек, шығыс халықтары сарымсақтың С витаминіне бай көк жапырақтарын да қолданады.

Сарымсақтың, порей-пиязы сияқты, жайпақ науа тәріздес төменгі жағы сүйірлеу жапырақ алақандары бар. Сарымсақтың бірнеше құрғақ үлпілдек қабықшамен қапталған күрделі жуашығы көптеген (30 тарта жапырақша) бөліктерден тұрады. Гүл шоғында (гүл сабақтарының биіктігі 1,5 м жетеді) кейде гүлдердің орнына “ауалық жапырақтар” да шығады.

Бір жылдық дақыл ретінде өсіреді. Екі түрі – сабақтанбайтын (сабақсыз) және сабақтанатын (гүлді сабақтар түзейді) болады. Сабақтанатыны күздік, оны күзде, суық түсерден 5-6 апта бұрын отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады, ол күзге таман жуашықтар түзейді.

Көктемде отырғызу үшін жуашықты –1-30С сақтайды. Аса ірі күрделі жуашықтардан алынған жарнақшаларды отырғызады. Қазақстанның солтүстік аудандарында сарымсақты аяздан сақтау үшін топырақтың үстіне қалыңдығы 5-6 см етіп бір қабат шірінді немесе шымтезек төгеді. Ол қысты күні қарды тоқтатады, ал көктемде жердің тез жіпсуінен сақтайды, топырақтың қатқақтануына кедергі болады. Сарымсақтың сабақтанатын түрінің сабағын қырқу керек, сонда өнімнің сапасы жақсарады. өнімді жапырақтары солған кезде жинайды. Аса пісіп кеткен сарымсақ нашар сақталады. Жапырақтар жуашықтан 3-5 см биіктікте солады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий