0 комментариев

Бұрыш жалбыз туралы қызықты мәліметтерді  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бұрыш жалбыз. Жалбыздың хош иісін көне гректер мен римдіктер жоғары бағалаған, оның иісінде жақсылықтың нышаны бар: көңіл көтереді, ұнамды әңгімеге жол ашады деп есептеген, сондықтан бұлар, атақты қонақтар келер алдында бөлмеге жалбыз суын бүрку римдіктерде дәстүрге айналған-ды. Рим тарихшысы Плиний Үлкен өсімдіктің ой қызметін келелендіретін қасиеті бар деп есептеп, жас жалбыздан жасалған венокты басына үнемі киіп жүретін болған.

Бұрыш-жалбыз – көп жылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Көгентамыр буындарынан жіңішке бқтақты қосалқы тамырлар таралады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты, екі жағынан майлы безшелермен көмкерілген, осы безшелер эфир майларын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты – “бұрыш” жалбыз деп аталған. Гүлдері ұсақ, қызғылт-күлгін түсті. Аталық мүшелерінің тозаң қабы нашар дамиды, сондықтан өсімдік көбіне тұқым бермейді. Мәуесі құрғақ, тостағаншаға орналасқан төрт жаңғақшадан тұрады, сирек піседі. Бұрыш жалбызының екі түрі бар: қара, жапырақтары мен сабағы қоңырқай, қызғылт-күлгін реңді және ақ, сабағы мен жапырақтары ашық-жасыл түсті. Ақ түрі ерте гүлдейді, нәзік хош иісті майымен көзге түседі, бірақ аяз бен қуаңшылыққа төзімсіз.

Жалбызды бұрын капуста, қияр, картоп, басты пияз егілген жерге еккен жөн. Вегетативтік жолмен өніп-өседі: атпа бұтақтар, яғни көгентамырдың бүйір тармдары отырғызылатын жақсы материал болып табылады.

Жалбызға аурулардың ішіндегі ең қауіптісі – тот, ол ылғалды жылдары және азот тыңайтқышының тым көп болуынан пайда болады. Ауруға шалдыққан жапырақтарды қырқып тастау керек. Жалбыздың жапырақтарын, сондай-ақ жапырақ жегіш – қалқан тұмсықты көк қоңыз зияндайды. Профилактикалық шаралар – өсімдіктің қалдықтарын жою және өсімдікті қырыққан кезде сабақ-жапырақшаларды қиып тастау керек. Жалбыздың жақсы сорты – №549. қысқа неғұрлым төзімді және онша тотықпайтын дақыл.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий