0 комментариев

Крахмалдың құрамы қандай ? Ол қандай өсімдіктерде болады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Крахмал  – өсімдіктерде дән түрінде кездесетін құрамы күрделі көміртегі, ол тамырларды, түйннектер мен тұқымдарда жиналады. Крахмалды дәндерде полисахаридтерден басқа су, май қышқылдары, липидтер, шағын мөлшерде минералдық заттар, негізінен фосфор тұздары мен кремний қышқылдары және басқалары бар.

Крахмалды өсімдіктер көп. Олар бидай, арпа, күріш, ақ жүгері, қарабидай, т.б. Біз жүйекшелерде өсіруге болатын өсімдіктер – картоп пен жүгері.

Тағамға картоптың крахмалға, минералдық заттарға, қантқа, белоктарға, майларға, клетчаткаға, витаминдерге бай түйнектері қолданылады. Калориялығы жағынан картоп басқа көкөністердің бәрінен асып түседі. Картоптың белогы бидайдың белогынан анағұрлым бағалы. Оның құрамына организмге аса қажет аланин, аргинин, аспарагин мен глутамин сияқты амин қышқылдары кіреді. Тағамдық сорттарының түйнектерінде 13-16% крахмал болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий