0 комментариев

Картоптың құрамы қандай ? Оның адамның ағзасына тигізетін пайдасы қандай ? Оның құрамында қандай дәрумендер бар ? Картопты қалай өсіруге болады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да, қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Картоп түйнектерінде көміртегі, моноолигосахаридтер (глюкоза, фруктоза, сахароза), клетчатка, пектин заттары, одан басқа әртүрлі аса бағалы амин қышқылдары, өсімдік белоктарының ішіндегі ең құндысы – белок-туберин бар. Картоп бағалы витаминді азық, онда С витамині, витаминдер жинағы В(тимин, рибофлавин, пипдоксин, фолий қышқылы), РР, U витамині және А провитамині топталған. Картоп органикалық қышқылдардың (лимон, қымыздық, алма) және минералдық тұздардың қайнар көзі. Минералдық заттардан мұнда калий тұзы басым; фосфор, магний, кальций, темір тұздары бар.

Картопта калийдің едәуір мөлшерде болуы несеп жүргізуге әсер етеді. Сондықтан жүрек-тамыр және бүйрек ауруларынан зардап шегіп, сарысып ісінген адамдарға диета белгіленгенде дәрі-дәрмекпен қатар мұны да қолданады.

Жаңа дайындалған картоп шырыны қыжылдағанға, қышқылы басым гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. Шырынды ас ішерден 20-30 минут бұрын ½ стаканнан тәулігіне 3-4 рет ішеді.

Картоп – алқа тұқымдас түйнекті өсімдік. Картоптың бірқатар сорттары дән береді. Дән арқылы өскенде картоп көптеген бүйір тармақтары бар басты тамыр түзейді, ал түйнектеліп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана қалыптасады. Көп соттары нашар гүлдейді, қала берді гүлдегенде көбіне тозаң түземейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек.

Топырақтың ішкі қабатындағы сабақтың төменгі жағындағы жапырақ қойнынан жіңішке бүйір сабақ-бұтақшалар – жылан бұтақтар өнеді. әрбір сабақ 4-8 жылдан бұтақтар түзейді. Жылан бұтақтардың мықтап жуандаған жоғары бөлігі түйнек деп аталады. Түйнектердің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабығы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады.

Картоп – 16+70С-де жақсы өседі, түйнектері қалыптасады. Температураның төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Картоптың суыққа төзімділігін калий тыңайтқышын енгізіп қана көтеруге болады. Түйнектерді тыңайтқыш ерітінділер мен өңдеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын тыңайтқыш ерітінділермен (6-7 кг картопқа 1 л) өңдейді. Тыңайтқыштар (1 л суға 1г): аммиак селитрасы 4, суперфосфат 6, хлорлы калий 4, оларға микро тыңайтқыштарды (бор, кобальт, марганец) 0,01-0,05% ерітінділер қосады.

Отырғызуға ең қолайлы түйнек – 45-120 г. тым ірі түйнектерді отырғызудың қажеті жоқ, өйткені отырғызатын материалдар едәуір көбейген кезде, өнім айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10 см тереңдікте 7-80С –дейін қызған кезде отырғызады.

Қазақстанның солтүстік облысында түйнектер 4-6 см тереңдікте, оңтүстік облыстарда 8-10 см тереңдікке отырғызылады. Ал қуаңшылық аудандарда отырғызу тереңдігін 12-15 см етеді, кейде одан да тереңдетеді.

Баптау жағдайы мынадай: ылғалды сақтайды, отап отырады, 2-3 рет түптейді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, жапырақ-сабақтар түйнектердің өсуі тоқталады. Сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ үнемі ылғалды болуы керек. Бірақ ылғалдың тым көп болуы тамырларды оттекпен қоректендіруді нашарлатады, жапырақ-сабақтардың өсуін күшейтіп, түйнектердің шіруін тездетеді, өнімді азайтады. Түйнектердің пісіп жетілуін тездету үшін түптеудің алдында фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн.

Картопты құмдақ жерде өсірген жөн. Картоп тыңайтқыштарды өте қажет етеді, шірінді, сондай-ақ азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізгенде оның өнімі шұғыл артады.

Жинау мерзімін жапырақ-сабақтарының кебуіне қарай белгілейді. Бұл кезде түйнектердің қабығы жұмсағынан сыдырылып түспейтін болады.

Біздің елде картоптың 110 сортын өсіреді. Орташа ерте пісетіндер – 60 тәулік, орташа пісетін 90-120 тәулік.

Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа мерзімде пісетіндер – Гатчинский, Искра; орташа кеш пісетіндер – Столовый 19, Лорх; солт үстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Мурманский, Белоруский раний т.б.Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский орташа

Изменен статус публикации
Добавить комментарий