0 комментариев

Жүгерінің отаны қай жер ? Оның сыртқы пішіні қандай болады ? Оны егу жолдары ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жүгері- Орталық Америка (Перу, Чили, Мексика)халықтарының ежелгі (3 мың жыл бұрын белгілі болған) дақылы. Қантты жүгері- жалбыз тұқымдас, биік тік сабағы бар бір жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі 2,5 м дейін тереңдікке кетеді. Түптеген кезде қосалқы тамырлар түзейді. Тұқымды қатарлау әдісімен қатардың арасын 70 см етіп себеді, Қазақстанның оңтүстік аудандарында – егістің тереңдігі – 6 – 8 – см, ал солтүстік аудандарда –4 – 6 см .

Дән 8 – 10 0 С – де көктей бастайды. Көктемгі қысқа суықтар жас өсімдіктің жапырақтарына зақым келтіреді. Жүгері, әсіресе собықтар қалыптаса бастаған кезде – олар шашақ бастар пайда бола бастаудан бір апта бұрын қалыптасады – суаруды өте қажет етеді.

Жүгеріге ашық жарық учаскелер бөледі . Өсімдік жиі болса , ол жоғары созылады , собықтар аз құралады және нашар өседі. Жүгері жеңіл, құнарлы, көген тамырлы арамшөптер баспаған жерде жақсы шығады. Ауыр сазды, жауын –шашын көп болғанда батпақтанып кетіп жерде жүгері нашар өседі. Топырақты қопсыту, орташа суару арқылы күтіп баптайды.

Жүгері тез пісетін сорттары аталық гүлдерінің шашақтары көктеп шыққаннан кейін, 50-60 тәулікте шешек атады. Ал ұрғашы гүлдердің аталық аузы 7-8 тәулік кеш пайда болады. Сабақтардың табанды пісуі, көктем шыққаннан кейін 80-100 тәулікке созылады, ал толық пісуіне сорттары мен температураға байланысты 115-190тәулік керек. Жүгеріні бұрын күздік дақылдармен томат егілген жерге жақсы. Жүгері әсіресе фосфорлы тыңайтқыштармен өсімдіктің қуаншылыққа төзімділігін күшейтетін қалайы және молибдені бар микро тыңайтқыштарда жақсы қабылдайды. Оңтүстікте жүгерінің ең қас жауы- жүгері жетім көбелегі. Оның жұлдыз құрттары дәнді зақымдап сабақтардың ішінде қыстап шығады. Бұл зианкеске қарсы метафоз аэрозолдарын , севин мен хлорофосты қолданады. Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін зақымдайтын көпіршік қаракүйеден сақтау үшін жүгері дәндерін ТМТД және фентиураммен улайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий