0 комментариев

Францияның экономикасы әлем экономикасында қандай рөлді атқарады ? Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының қанша пайызын құрайды ? Импорт көлемі жөнінен нешінші орынды алады ? Жылына Францияға әлемнің түкпір-түкпірінен қанша туристі қабылдайды?

Францияның сыртқы экономикалық байланыстар . Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтың ажырамас бөлігіне айналды. Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән. Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды.

Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр. Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.

Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ ,Германиядан кейінгі үшінші орынды алады. Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор .

Изменен статус публикации
Добавить комментарий