0 комментариев

Франция Қазақстан Республикасының егемендігін ресми түрде қашан мойындады ? Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаев достық және ынтымақтастық туралы келісімге қай уақытта  қол қойды? Франция үкіметі  Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде қай жылы және қанша сумма көлемінде несие берді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстарФранцуз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастар Франция Сыртқы істер министрі Золлан Дюманың 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында орнады.

Көп ұзамай Алматыда Франция елшілігі ашылды.1992 жылы қырқүйек айында Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә. Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасында өзара достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды .

Бұл келісімде энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында және ғылыми зерттеулер, мамандар дайындау ісінде ынтымақтастық мәселелері қамтылады. Франция үкіметі Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн француз франкі көлемінде несие берді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий