0 комментариев

Германияның табиғи жағдайы мен игерілуі қандай ? Қандай шаруашылық түрі дамыған ? Тауаралық аңғарларда қандай жеміс-жидектер егіледі ? Ел аумағы қандай климатта орналасқан ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Германияның табиғаты. Германия аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Табиғат жағдайлары мен игерілу сипаты алуан түрлі болады. Елдің солтүстігінде көлді-батпақты Солтүстік Герман ойпаты орналасқан. Бұл ойпатты мұздық және теңіздік шөгінділердің қалың қабаты басып жатыр. Мұндағы шағын көлдер шығу тегі жағынан мұздық көлдер болып табылады. Қазіргі кезде батпақтар құрғатылып, шабындықтар мен жайылымдарға айналған. Бұл өңірде мал шаруашылығы дамыған.

Елдің орталық бөлігін орта биіктіктегі таулар алып жатыр. Тас көмір дәуірінде тауаралық батпақты ойыстарда тас көмір алаптары (Рур, Саар, Ахен) қалыптасқан. Тау жайылымдарында мал бағылады, тауаралық аңғарларды қарабидай, сулы мен картоп егістіктері алып жатыр. Рейн аңғарында жүзімдіктер көп.

Германияның оңтүстік бөлігін Альпі тауының тау алды бөліктері мен солтүстік жоталары алып жатыр. Мұнда елдің ең биік нүктесі Цугшпит- це (2962 м) орналасқан. Бұл өңірдің қайталанбас табиғи ортасын қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылған.

Ел аумағына қоңыржай белдеудің өтпелі климаты тән, яғни мұнда теңіздік және континенттік климаттың белгілері байқалады. Қолайлы климат жағдайлары қоңыржай белдеудің сан алуан дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Германия өзендерінің басым көпшілігі Альпіден бастау алып, солтүстікке қарай бағытталады. Аса ірі өзені – Рейн. Сан ғасырлар бойы бұл өзен шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ. Рейн аңғары халықтың тығыз қоныстанған ауданы ретінде де белгілі. Жылдың жылы мерзімінде мол сулы Рейн өзені кеме қатынасына қолданылады. Кеме қатынасында Балтық және Солтүстік теңіздердің аралығын қосып жатқан Киль каналының да маңызы зор. XIX ғасырдың соңына қарай салынып біткен бұл каналдың жалпы ұзындығы 100 км-ге жуық.

Германия аса жоғары бағаланатын тас көмір қорымен көзге түседі. Қоңыр көмір Орта Герман, Төменгі Рейн алаптарын- да ашық әдіспен өндіріледі. Елдің солтүстігінде табиғи газдың кен орындары шоғырланған. Германия жерінде калий тұздары мен құрылыс материалдарының мол қоры бар.

Германияда табиғат қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде елде айрықша экологиялық және табиғи-географиялық маңызы бар аумақтарда 14 ұлттық саябақ ұйымдастырылған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий