0 комментариев

Германияның дамуы мен шаруашылығы жөнінен дүние жүзінде қандай орынды алады ? Германияны неліктен “Химиялық держава” деп атайды ? Германияда жақсы дамыған шаруашылық түрі ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Германия шаруашылығы дамуы мен қуаттылығы жөнінен дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Аса зор экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерге ие бұл елдің өнеркәсібі күшті дамыған. Болат балқытудан Германия дүние жүзіндегі алғашқы «жетілікке» енеді.

Машина жасау және химия өндірісі әлемнің көптеген елдеріне өз өнімдерін жөнелтеді. Елде аса сапалы жеңіл автокөліктер шығарылады. Кеме жасау да дәстүрлі өнеркәсіп салаларының бірі. Химия өнеркәсібі алуан түрлі сапалы өнімдер шығарады, сондықтан Германияны «химиялық держава» деп те атайды.

Ел аумағының жартысына жуығын ауыл шаруашылық жерлері алып жатыр. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде дамыған. Бұл сала ел халқын негізгі азық-түлікпен түгелге дерлік қанағаттандырады. Ауыл шаруашылығы құрылымында сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығы жетекші орын алады.

Өсімдік шаруашылығындағы басты дақылдар  бидай, қарабидай, арпа мен сұлы, қант қызылшасы. Германия егістіктерінен бидайдың мол өнімі жиналады. Жүзімдіктер Жоғары Рейн, Мозель, Неккар мен Майн өзендерінің аңғарларында орналасқан.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий