0 комментариев

Германиядағы экономикалық дағдарыс соңы неге әкеліп соқты ? Осы дағдарыс барысында қандай үкімет билікте отырды ? Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердің ұраны қандай билікті орнатуға тырысты ? Экономикалық дағдарыс барысында қандай идеологияны күшейтті ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия (1929-1933жж.). 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті:

өнеркәсіп   өнімдерін   шығару   азайды,    инфляция   күшейді;

жұмыссыздық  көбейіп,   7,5   млн  адамды  қамтыды;

көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды;

еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-іа азайды;

31 мың өнеркәсіп банкроттыққа ұшырады;

ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болдьі.

Германиянын қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады; мемлекеттік бюджет азайды. Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары – Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады.

Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп, онын орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкімет құрды. Г.Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды.

Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін орнатуға шақырды.

Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтіп, А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А.Гитлер үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Фашизм ірі саяси күшке айнала бастады.

Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі монополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жетті. 1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАП-ты қолдап сайлаушылардың басым бөлігі дауыс берді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий