0 комментариев

Нацистік Германияның сыртқы саясаты неше кезеңнен тұрды ? Екі кезеңнің бір-бірінен айырмашылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1930 жж. нацистік Германияның сыртқы саясатында екі кезең айқын көзге түседі.

Бірінші кезең (1933—1935) Германия Версаль бітімінде белгіленген елдің қайта қарулануына салынған шектеулерді алып тастады. Келісімді қайта қарау Германияға жаппай әскери міндет енгізуге, ауыр қару-жарақ шығаруды көбейтуге, демилитарланған Рейн аймағын басып алуға т.б. мүмкіндік берді.

Екінші кезең (1936—1939) — Еуропада тікелей басқыншылық актілеріне көшу. Чехословакияны басып алу, Австрияны күштеп қосып алу, Испанияда Франконың орнығуына көмектесу — бұл кезеңнің басты оқиғалары болды. Басқыншылық әрекеттердің бұл тізбегі 1939 ж. қыркүйекте Польшаға шабуыл жасау және Екінші дүниежүзілік соғысты бастаумен аяқталды.

Дәл осы кезде Екінші дүниежүзілік соғыс өртінің екінші бір ошағы Қиыр Шығыста тұтанды, мұнда 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды, ал 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Италия 1935 ж. Эфиопияны басып алды. Бұл үш басқыншы мемлекет өзара одақтастық қатынастар орнатып, “Берлин – Рим -Токио” белдеуін құрды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий