0 комментариев

Германияның тоталитарлық диктатурасы қалай орнады ? Бұл үкімет құрамына кімдер кірді ? Алғашқы жылдарында қандай өзгерістер болды ? Тоталитарлық диктатураның негізгі белгілері қандай болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Германияның Тоталитарлық диктатураның орнауы. Канцлер Гитлер басқарған үкіметтің құрылуы сырт көзге әдеттегі кабинеттердің ауысуы болып көрінді , үкімет құрамына нацистерден басқа бірнеше буржуазиялық партиялардың өкілдері енді. Іс жүзінде биліктің басты тетіктері нацистердің колында болды. Тек қана үкімет ауысып қойған жоқ, мемлекеттік басқарудың  бір түрі буржуазиялық демократияның орнына тоталитарлық диктатура орнады.

Алғашқы екі жыл (1933—1934) ішінде саяси партияларды бірыңғайлау, билік режимін орталықтандыру іске асырылды, оппозиция басып-жаншылды. Ең басты оқиға 1933 ж. наурызында өткізілетін рейхстаг сайлауы болды. Өзінің ең басты саяси жауы коммунистік партияны сүріндіру үшін фашистер арандату мақсатымен рейхстагты өртеді де, кінәні коммунистерге жапты.

Бұл жердегі есеп қарапайым тоғышарларды коммунистік кауіппен корқытып, оларды фашистерге дауыс беруге мәжбүр етіп, рейхстагта төтенше заңдар қабылдау үшін орынның үштен екісіне ие болу еді. Бірақ үміт ақталмады. НСДАП дауыстарды бұрынғыдан аз алып, рейхстагта орындардың жартысынан азына ғана ие болды.

Осы кезде нацистер конституцияны бұзып, коммунистердің мандаттарын жаратпай тастады да, Гитлерге төтенші өкілеттіліктер беру туралы заң кабылдатты. Сөйтіп, рейхстаг ешқандай қүқықсыз фашисттік мазақханаға айналды. Жаңа режимнің келесі бір маңызды шарасы елдің федеративтік құрылымын жойып, оны бірегейлеу болды. Жерлерде жоғарыдан тағайындалатын басқарушылар (гауляйтерлер) билік жүргізді. 1933 ж. карашада Гитлер бұл соңғы сайлау деп жариялады. Партиялық, жүйе жойылды. Саяси партиялар таратылуға немесе НСДАП құрамына енуге тиіс болды.

Нацистік режимнің екі жыл ішінде Веймар Республикасының негізгі тіректері жойылып, рейхстаг құқықсыз органға айналды, партиялар талқандалды, сайлау жүйесі жойылды. Буржуазиялық-демократиялық құрылыс жойылып, тоталитарлық диктатура орнады. Оның негізгі белгілері идеологиялық бір ойлылық, орталықтандырылған партиялық-мемлекеттік номенклатураның үстемдігі, саяси қарсыластарды жою, мәдениетті бірегейлеу болды.

1934 ж. тамызыннан бастап президент Гинденбургтің қайтыс болуына байланысты Гитлер бір өзі ұлт фюрері, канцлер әрі президент болып алды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий