0 комментариев

Наполеон Бонапарт дегеніміз кім ? Ол қандай білім алған ? Қарапайым жандар оны неге халық қаһарманы деп атаған?   Неліктен елінде төңкеріс ұйымдастырды ? Ол неше жасында көз жұмды және оған қандай себеп болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды  kyn.kz  сайтынан оқи аласыздар.

Наполеон Бонапарт Италияның Корсика аралында дүниеге келген. Француз тілін үйрену үшін, діни мектепте оқыған. Бриен әскери училищесінде  5 жыл оқып, Париждің әскери академиясына түсуге мүмкіндік алады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Наполеонның отбасылық жағдайы нашарлап, ақшаны үнемдеу мақсатында, екі жылдық оқуды бір жылдың ішінде оқып бітірді. Наполеонның әскери мансабы өте тез дамыды.

1795 жылы француз үкіметін революцияға қарсы күштерден құтқарып, 26 жасында ішкі күштердің қолбасшысы және әскери кеңесші болып тағайындалды. Габсбургтердің әскерін талқандағаннан кейін, Италияда және Египетте көрсеткен ерліктерінің арқасында, халық арасында үлкен атаққа және беделге ие болды. Еліне қайтып оралған соң, төңкеріс ұйымдастырып, билікті өз қолына алды. 1802 жылы консул болып, ал 1804 жылы император атанды.

Бастапқы кезеңде, адамдар Наполеонды халық қаһарманы ретінде қабылдады. Оның жетістіктерін мақтан тұтып, мемлекет өркендей бастады. Бірақ 20 жылға созылған соғыстан бәрі шаршады. Англияға қарсы жасалған экономикалық соғыс, екі елдің жеңіл өнеркәсібінің құлдырауына әкелді. Франция порттарына тауарлардың жеткізілуі тоқтатылып, империя дағдарысқа ұшырады. Адамдар императордың сыртқы саясатының мақсаты – өз билігін кеңейту және әулеттің мүдделерін қорғау екенін түсінді. Империяның күйреуі 1812 жылы, орыс әскерлері Наполеон армиясын жеңген кезде басталды.

1814 жылы Ресей, Австрия, Пруссия және Швеция елдері Францияға қарсы одақ құрып, Парижді басып алды. Жеңіліс тапқаннан кейін, император тұтқынға алынып, Әулие Елена аралына жер аударылды. 51 жасында осы жерде көз жұмды. Өлімнің нақты себебі белгісіз. Ресми  ақпарат бойынша, асқазанның қатерлі ісігінен қайтыс болған. Ал, кейбіреулері оны уландырып өлтірді дейді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий