0 комментариев

Канада қандай мемлекет ? Олар қысқа уақыт ішінде тиімді нарықтық экономика құра алды. Бұған себеп болған қандай жағдайлар ? Канада қандай заттарды көп өндіреді? Елдің индустриялық ұйытқысы қандай провинциялар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазіргі Канада – кемел дамыған мемлекет, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция және Италиямен бірге дүние жүзінің жетекші индустриялық державаларының “ жетілігіне” кіреді. Капиталистік ел болғандықтан, Канада тарихи қысқа мерзім ішінде тиімді нарықтық экономика құра алды, бұған көбіне себепші болған жағдайлар: 1) халқы онша көп болмай, табиғи ресурстардың мол болғандығы; 2) иммиграцияның көтермеленуі; 3) шетел (әсіресе американ) капиталының көптеп тартылуы; 4) елдегі қоғамдық өмірдің демократияландырылуы.

Канада экономикасының өзіне тән ерекшелігі өндіруші салалардың және шикізатты бастапқы өңдеу салаларының үлкен рөл атқаратындығы. Канада никельді, мырышты, әктасты, калий тұздарын және және газет қағазын көп өндіретін ел. Ол алтын, күміс, кобальт, темір рудасын, мыс өндіру жөнінде де алдыңғы орындарда. Шикізат пен жартылай фабрикаттардың дүниежүзілік нарығына Канада өндіруші өнеркәсіптің бүкіл өнімінің 80 пайызына жуығын шығарады. Бұл орайда Канада тауларын өткізетін аса маңызды нарық АҚШ болып табылады( экспорттың 70 пайызынан астамы).

Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында машина жасау мен металлургия отандық мол шикізатқа және біршама арзан электр энергиясына негізделген (тек үш зауыттың өздері ғана аллюминийді Батыс Еуропа елдеріндегі осы сала кәсіпорындарының барлығынан көп қорытып шығарады). Машина жасау саласы алуан түрлі бұйымдар автомобильдер, локомотивтер, тракторлар, компьютерлер және т.б. жасайды.

Елдің индустриялық ұйытқысы болып табылатын екі орталық провинция- Онтарио мен Квебек өңдеу өнеркәсібі өнімінің төрттен үшін береді. Оңтүстіктегі далалық Альберта провинциясы отын- энергетикалық ресурстардың басты қоймасы, осында мұнайдың негізінде елдің мұнай- химия өнеркәсібінің негізі қалыптастырылып жатыр. Тынық мұхит жағалауындағы Британ Колумбиясы провинциясы – Канаданың ағаш өнеркәсібі кешенінің орталығы.

Канаданың ауыл шаруашылығы – мол тауарлы, көп салалы, техникалық жағынан жақсы жарақталған, жалдамалы еңбек кеңінен қолданылатын сала. Фермерлердің кірістерінде мал шаруашылығының үлесіне 60 пайызына жуығы, бау – бақшаны қоса егіншіліктің үлесіне 40 пайызына жуығы келеді.

Елдің егіншілігінде жетекші сала дәнді дақылдар, ең алдымен бидай өсіру; бидай Канаданың ауыл шаруашылық экспортының құрылымында басты орын алады( бұл дақылдың дүниежүзілік экспортының 20 пайызына жуығы). Елдің негізгі астықты үш провинциясы Манитоба, Альберта және Саскачеван провинциялары. Бидайдан басқа сұлы, арпа, зығыр, картоп, көкөніс, жеміс және т.б. өсіріледі.

Аумағы ұлан- байтақ, халық сирек қоныстанған, экономикасы бытырай орналасқан Канада үшін көліктің ерекше маңызды мәні бар. Мұнда оның барлық түрлері дамыған. Елдің бұл тұрғыдағы ерекшелігі құбыр қатынасы жақсы дамыған және Ұлы көлдер мен Әу. Лварентий өзенінің су жүйесі үлкен рөл атқарады. Теңіз және авиация көлігі де дамыған.

Ішкі айырмашылықтары. Бұрынғы уақытта Канаданың ұлан – байтақ аумағының таңдап- таңдап отарлануы, сондай –ақ бұл елдің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оның өндіргіш күштерінің аумақтық дамуына себепші болады. Сондықтан онда: 1) ерте игерілген кемел дамыған аудандар, 2) жаңадан игерілген аудандар, 3) онша игерілмеген аудандар сараланады.

Ерте игерілген аудандар Атлантика жағалауынан Көл бойы мен далалық провинциялар арқылы Тынық мұхитқа қарай жетіп, елдің оңтүстігін алып жатыр. Бұл орайда саяси және экономикалық орталықтағы екі Онтарио және Квебек провинцияларында жасалады. Онтарио – Канаданың ең канадалық провинциясы, ағылшын- канадалықтардың тірегі. Мұнда АҚШ капиталымен бәсекелестік күрес жүргізуші Канада ұлттық буржуазиясының позициялары ерекше күшті. Квебек провинциясы елдегі тұрғындарының басым болып табылатын берден – бір провинция. Осы индустриялық ядроның шеңберінде елдің ең ірі өнеркәсіп орталықтары – Монреаль мен Торонто орналасқан.

Жаңадан игерілген аудандардың (Солтүстік және Қиыр Батыс) дамуы ең алдымен орасан мол табиғи ресурстардың игерілуімен байланысты. Ақыр соңында Канадада шаруашылық айналымға іс – жүзінде әлі қамтылмаған аумақтар аз емес. Бұл ең алдымен Арктиканың Солтүстік- Батыс аумақтары – елдің жетуі ең қиын әрі климаты қатал өңірлері.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий