0 комментариев

Канаданың сыртқы саудасы қалай дамыған ? Ол қандай ұйымдарға мүше ?  Сыртқы сауданың көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады ? АҚШ пен Канада елдерінің өзара экономикалық байланыстары қалай дамыған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Канада әлемдегі дамыған елдердің қатарына кіретіндіктен, оның сыртқы саудасы да жан-жақты бағытқа ие. Айта кетсек, бүгінде аталған БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, Америка мемлекеттері ұйымы және Британдық Бірлестігіне мүше болып табылады. Бұл Канаданың дүниежүзілік және аймақтық деңгейдегі маңызын дәлелдейді.

Сыртқы байланыс деген кезде алдымен елдің сыртқы саудасы есімізге келеді. Канада сыртқы сауданың жалпы көлемі бойынша әлемде алтыншы орын алғанымен, жан басына шаққандағы сауда айналымы есебінен бірінші орында тұрады. Экспортының басым бөлігі өзге де дамыған елдердің сыртқа шығаратын тауары сынды дайын өнімдер болып келеді. Айта кетсек, елдегі жалпы өндірілетін өнімнің төрттен бір бөлігі экспортқа шығарылады. Ал жеке ағаш өңдеу мен алюминий өндірісін бөліп қарайтын болсақ, бұл көрсеткіш 60%-ға жуықтайды. Бұл Канада экономикасының әлемдік шаруашылықта алатын орны мен интеграциялану үдерісіндегі дәрежесін танытады.

Америка құрлығында шекаралас жатқан АҚШ пен Канада елдерінің өзара экономикалық байланыстары жоғары деңгейде дамыған. Айта кетсек, Канада елінде өндірілетін өнімнің 80%-дан көп бөлігі АҚШ-қа жеткізіледі. Бұған екі ел арасындағы келісім бойынша қабылданған салықтық жеңілдіктер қолайлы әсер етуде. Соңғы жылдары Канаданың Жапониямен қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Оған елдің сыртқы саудасының 7%-ы тиесілі. ХХ ғасырдың соңына дейін Ұлыбритания елі Канаданың негізгі серіктесі болғанымен, оның қазіргі межесі 5%-ды қамтып отыр.

Канаданың сыртқы сауда айналымы 253,9 миллиард АҚШ долларына тең. Жалпы өнімдегі ауылшаруашылық пен өндірістік тауарлардың 25%-ы экспортқа шығарылады. Канаданың негізгі дайындайтын өнімі түсті металдар мен қағаз өндірісі және ауылшаруашылық тауарлары болып табылады. Жалпы экспортқа шығатын тауардың құны 131,2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал импорт есебінде көбіне көмір, мұнай, цитрусты жемістер мен дайын жабдықтар келеді. Одан бөлек Канаданың туризмі елге жылына 6,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде табыс алып келеді. Сыртқы сауда елдің сыртқы экономикасының маңызды аспекті болып табылады.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий