0 комментариев

Емен еліміздің қай жерлерінде кездеседі ?  Олар қалай көбейеді ? Емендер қандай қорықпен қорғалған ?Емендер неге жылдан – жылға азайуда ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Емен  Республиканың тек солтүстік-батысында Жайық пен Елек өзендері аңғарында кездеседі. Бұл еуропалық орман түрінің таралу аймағының шығыс шекарасы болып табылады. Өзен жайылмалары, жыралары мен сайларында шағын тоғайлар болып өседі.

Емен ормандарының көлемі мен еменнің таралу аймағы Қазақстанда соңғы жүз жылдықта адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен кәдімгідей қысқарып отыр. Қазіргі кезде Орал облысының солтүстігінде тек төрт жерден ғана, яғни Кирсаново, Беленькое, Аманкелді және Жайық маңы елді мекендерінен белгілі.

Мәдени түрде, әсіресе Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий