0 комментариев

Батпақ жылан тамыр қандай тұқымдасқа жатады ? Ол Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі ? Батпақ жылан тамырлар қандай жерде өседі ?  Сыртқы пішінінің қандай ерекшелігі бар? Батпақ жылан тамырлар  қандай қорықта қорғалады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Батпақ жылан тамыры сүйсіндер тұқымдасына жатады. Сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның солтүстігінде және шығыс пен оңтүстік тауларында — Алтайдан Батыс Тянь-Шанға дейін кездеседі. Республика жерінен тыс Азия мен Еуропада кең таралған. Ылғал балшықты шалғындарда, қия қөлемді саз балшықтарда, бұталар арасында және жағалаудағы жапырақты ормандарда өседі.

Ұзын жатаған тамыр сабағымен және кәдімгідей биік сабағымен (70 см-ге дейін), көптеген сопақша жапырақтарымен ерекшеленеді. Ернінің қабыршақ тәрізді бөлігінен бөлінетін шырын, тозаңдандырғыш жәндіктерге есірткілік әсер етеді. Оның ұйықтатын әсерінен (сондықтан “ұйықтатқыш” деп атайды) жабайы бал аралары мен аралар ұша алмай, тек гүлден гүлдерге жорғалап қозғалады. Осылай жаппай тозаңдандыруға жетеді, яғни 80% жеміс береді. Тұқымы жеңіл, ұсақ (әр жемісте 4500-ге дейін).

Туыстың ең соңғы өкілдерінің бірі, өте ертеден мәдени өсіріледі (III ғасырдан бері). Табиғаттағы саны батпақты жерлердің құрғауынан, өзендердің су тәртібінің бұзылуынан, малдың таптауынан және отаудан қысқарып отыр. Шағын популяцияларын  Ақсу-Жабағылы қорығы мен “Бурабай” ұлттық паркінде қорғалады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий