0 комментариев

Дәрмене қай жерлерде кездеседі ? Ол қалай өседі ? Неліктен дәрмененің саны азайып кеткен. Оның қандай пайдасы бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Дәрмене күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан, құрып кету қаупі бар түр. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында (Сырдария өзенінің оң жағалау аңғары мен Қаратау жотасының жазықтығында кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Тәжікстанда (Түркістан, Кураминнің оңтүстік сілемі және Зеравшан жотасы) таралған. Тау аралық аңғарлар мен жазықтықтардағы сортаңды сазды және бекітілген құмды топырақтарда, кейде төменгі тау белдеуіндегі тасты беткейлерде өседі.

“Дәрмене дәні” деп аталатын дәрілік зат өндірісі үшін жаппай дайындау, түрдің таралу аймағы мен санының қысқаруына әсерін тигізді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХII ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын.

1883 жылы Орынбор көпесі Савинков Шымкентте сантонин зауытын салған болатын, онда ол “дәрмене дәні” мен таза сантонинді өндірді. XX ғасырдың 40-жылдары “Дәрмене” арнайы совхозы құрылды. Мұнда дәрмене 30 мың гектар жерді алып жатты. Қазіргі кезде дәрмене өсірілмейді, бірақ оның қоры мен таралу аймағы қалпына келмеді. Қалғанын сақтау үшін жалпы көлемі 24000 га Ақдала, Жамбыл, Темір және Задаринск қорықтары (4 ботаника қорығы) ұйымдастырылды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий