0 комментариев

Аты да, заты да әдемі Грейг қызғалдағы қандай гүлділер тұқымдасына жатады ? Ол қай жерлерде кездеседі? Грейг қызғалдағы қалай көбейеді ? Олардың неше түрі бар ? Грейг қызғалдағы қалай қорғалады? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Грейг қызғалдағы лалагүлділер тұқымдасына жатады. Саны жыл сайын қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Солтүстік шөлден (Қызылорда қаласының маңынан) Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жотасынан Шу-Іле тауларына және Іле Алатауының шығыс бөлігіне (Қордай асуына) дейін кездеседі. Қазақстан жерінен шамалы ғана шығады, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында ғана таралған. Тау етегі мен тау жазықтықтарында, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде өседі, субальпі белдеуінің төменгі шекарасына дейін көтеріледі.

Гүлінің түсінің керемет алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Қаратаудың жекелеген сайларында кездескен әр түрлі формаларын кейбір авторлар жеке түрлерге жатқызған. Тек тұқым арқылы көбейеді. Табиғатта көшеті 10-12 жылдан кейін бірінші рет гүлдейді. Әсіресе елді мекен маңындағы гүлдеп тұрған өсімдіктерді жаппай жинау, осы маңдағы өсімдіктердің түгел жойылуына әкеліп соқты. Елдің бәрі біле бермейді, біздің  Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды.

Қазіргі жүйелеу бойынша олар “Грейг қызғалдағы және оның будандары” атты ерекше класқа бөлінеді. Сондықтан Қазақстан халқының алдындағы ең жауапты міндет — тек табиғатта біздің ландшафтың әшекейін қорғап қана қоймай, табиғи сортты байытудың бағалы көзін қорғау болып табылады. Қорғалатын жерлерде (Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Берік қара мен Қызыл тау қорықшалары) түр өзін жақсы сезінеді. Кейде оның тығыздығы 1 шаршы метр жерде 150 дараға дейін жетеді, оның алпысы гүлдейді. Осындай керемет көріністі қызықтау үшін Қазақстанға жыл сайын Англиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Жапониядан және т.б. елдерден жүздеген адамдар келеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий